News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent-те «Инновацияларды әзірлеу, оларды қорғау мен одан әрі дамытуды қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр

09 September, 2022

Бүгін, 2022 жылғы 9 қыркүйекте Ұлттық зияткерлік меншік институты қабырғасында гибридтік форматта «Инновацияларды әзірлеу, оларды қорғау мен одан әрі дамытуды қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Оған Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық «IMB Орталығы», Ғылым қоры, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы, Назарбаев Университетінің өкілдері, сондай-ақ ғалымдар және өнертапқыштар қатысты.

Дөңгелек үстел шеңберінде Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін қолдау және қорғау саласындағы тиімді мемлекеттік саясаттың рөлін атап өтті, бұл өз кезегінде инновациялық өнімді жасаушылар арасында инновациялық және шығармашылық қызметтің өсуін ынталандыратын фактор болып табылады, сол арқылы Қазақстанның Жаһандық инновациялық индексіне де ықпал етеді. Сондай-ақ, вице-министр тіркелген зияткерлік меншік объектілері бойынша статистикалық деректерге тоқталды, ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанда 5771 авторлық құқық объектісі (2021 ж. – 8 506); халықаралық тіркеуді қоса алғанда, 6085 тауар белгісі (2021 ж. – 10 579); 563 пайдалы модель (2021 ж. – 1122) және 358 өнертабыс (2021 ж. – 651) тіркелді.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты бір жағынан ғылыми, өнертапқыштық қоғамдастықтардың және екінші жағынан ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы саясатты айқындайтын және іске асыратын ұйымдардың өкілдері үшін диалог алаңын құру болып табылады.

Дөңгелек үстел шеңберінде Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық «IMB Орталығы» қызметі, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, техникалық шешімдерді патенттеу, ғылым мен бизнесті интеграциялау, компанияларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар арқылы дамыту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері, сондай-ақ, отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті ынталандыру шаралары талқыланды.