National Institute of Intellectual Property
2022 жылдың 21 қыркүйегінде Ұлттық зияткерлік меншік институтының қабырғасында Ұлт ұстазы - А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеші өтті.
Директордың орынбасары Айдын Қыдырбайқызы өз сөзінде әдеби кештің мазмұнын ашып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы еліміздің тарихында елеулі тұлғаға айналған өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірегей басшылық және сарқылмас байлық екенін атап өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы қазақ халқының өмірінің айнасы болды. Ол өз заманындағы ғалымдар мен жазушылардың арасында қазақ әдебиетіндегі ұлттық мәселені қозғап, қоғамның жай-күйі мен оның даму жолдарына талдау жасады.
Кеш аясында қазақтың тұңғыш әдеби теорик-лингвист, ағартушы-ғалым шығармашылығы туралы викторина өткізілді. Викторинаға белсенді қатысқаны үшін команда қатысушылары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, «А. Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы» тақырыбына мәнерлеп оқудан байқауға қатысушы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің алғыс хатының иегері,ЗамираЗакария кеш қонақтарына ұстаздың өлеңінен үзінді оқыды.
Кеш соңында ұстаздың өмірі туралы фильм көрсетіліп, ұлы ұстаздың өмірбаянын аса маңызды фактілерімен таныстырды.