News

National Institute of Intellectual Property

Qazpatent ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін оқыту вебинарын өткізді

26 September, 2022

26 қыркүйекте Qazpatent ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт (РСТ) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, сондай-ақ Еуразиялық патенттік конвенция (EAПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу бойынша мәселелерін қамтыды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.