News

National Institute of Intellectual Property

Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығының қызметкерлері үшін оқыту вебинарын өткізді

29 September, 2022

29 қыркүйекте Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығының қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік және кәсіпкерлік» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт (РСТ) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік конвенция (EAPK) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, сондай-ақ авторлық құқықты құқықтық қорғау жөніндегі мәселелерді ашты.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.