News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide

Казпатент Ғылым қорымен және Qazinnovations-пен кездесулер өткізді

05 October, 2022

Бүгін, 2022 жылғы 5 қазанда Казпатент директоры Ербол Оспановтың төрағалығымен «Ғылым қоры» АҚ және «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ өкілдерімен екі жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанда патенттік белсенділікті ынталандыру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша тұрақты бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластық белгіленді.

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шаменов пен «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов коммерцияландыру институтының ағымдағы міндеттері мен даму перспективалары туралы айтып берді.

Өз кезегінде Ербол Оспанов коммерцияландыру мәселелері бойынша ғылыми орта өкілдерінің өзекті сұрауларын атап өтті, сондай-ақ инновациялардың экожүйесін нығайтуға және тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Іс-шара соңында Казпатент пен QazInnovations арасында меморандумға қол қою туралы уағдаластық қабылданды.

Ғылым қорымен меморандумға 2017 жылы қол қойылды.