National Institute of Intellectual Property
2022 жылдың 21 қазанында «ҰЗМИ» РМК кадрлық жұмыс басқармасының жұмыскерлерімен, ʺCыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріʺ тақырыбында семинар өтті.
Семинарда қоғам қайраткері – Сәдібек Түгел, қалалық мәслихат депутаты – Жандилдаев Бакдаулет Болатович, Обьединения юридических лиц “Казахстанская Ассоциация Дамуʺ Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры – Битебаева Анара Аргыновна, ʺАМАНАТʺ партиясы ʺБірлікʺ филиалының атқарушы хатшысы Кожахметов Шыңғысхан Шопанұлы, ҚР ӘМ әдеп жөніндегі уәкілі – Сыдыкова Алма Саиновна, ҚР ӘМ Персоналды басқару департаменті Парасаттылықты қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы - Шаяхметова Зауреш Жакыпбековна, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері - Мамыт Айдос сөз сөйледі.
Іс-шаралар барысында Республика және облыстар аумағындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қарсы күрес және жұмыскерлердің этикалық стандарттарының негізгі талаптарын сақтауы туралы түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ заңнамалық бастамалардан бастап, елімізде жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру жөніндегі шаралар кешені туралы түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар тақырыпқа сәйкес сұрақтар мен жауаптар алмасты.