National Institute of Intellectual Property
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) Әділет министрлігінің 2013 жылға арналған Жұмыс жоспарының 51 тармағын орындау үшін а.ж. 6 қыркүйекте Шымкент қаласында аумақтық әділет органдарының және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Өнеркәсіп меншігі объектілерін тиімді сақтау, қорғау және пайдалану» атты аумақтық оқыту семинарын өткізеді.
Семинар Комитет төрағасының орынбасары Бекет Қабиденұлы Әліғожиннің басшылығымен өткізілетін болады.
Семинар жұмысының барысында өнеркәсіп меншігіне қорғау құжаттарын тіркеу және беру, зияткерлік меншікті қорғау саласында қолданатын іс-шаралар туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланатын болады.
Аталған семинарға «ҰЗМИ» РМК филиалдарының жетекші мамандары, кеден және сот органдарының өкілдері қатысады және тиісті тақырыптарда баяндама жасайды.
Бұдан басқа, барлық қатысушыларға қорғау құжатын алу үшін өтінімдерді буру мен ресімдеу барысы жөнінде түсініктеме берілетін болады.
Осы іс-шараның аяқталуы бойынша өнеркәсіп меншігі объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар енгізілетін болады.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар ұсынылады.