News

National Institute of Intellectual Property

«Нарықтар контрафактісіз»

05 September, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 118, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі төрағасының (қаржы полициясы) 2013 жылғы 4 мамырдағы № 146, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 203, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 128, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 312, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 73, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 322 бірлескен бұйрығымен Отандық нарықта контрафактілік өнімді таратудың көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар жоспарында «Нарықтар контрафактісіз» атты өңірлік семинарды өткізу көзделген.

Аталған іс-шара 2013 жылдың 27 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің негізінде, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Г.Н. Ескалиевтің басшылығымен, Жамбыл облысы аудандары және Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарларының, кәсіпкерлердің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Нарықтар контрафактісіз» тақырыбында өңірлік семинар өткізілді.

Семинар өту барысында, Жамбыл облысы нарықтарындағы контрафактілі өнімдерді таратуға байланысты қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қолданудың тәжірибиелері талданды.

Аталған семинарда Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Н. Егінбаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының және «Ғасыр сапа» тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің қызметкерліері баяндама жасады.