ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ШАРТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚАТЫСУ

National Institute of Intellectual Property

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісімге қатысады.

Келісімнің мақсаты тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес олардың аумақтарында көпжақты және/немесе екіжақты әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында пайдаланылатын және алынған зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады.