National Institute of Intellectual Property
Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (Брюссель, 1995) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 мамырдағы №113-I Заңымен ратификацияланды.
Келісімнің VI тарауы, сондай-ақ III қосымшасы зияткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті қорғау туралы ережелерді көздейді. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Келісім күшіне енгеннен кейін бесінші жылдың соңына қарай құқықтарды қолдануды күшейтудің пәрменді құралдарын қоса алғанда, ЕО-да бар деңгейге ұқсас қорғау деңгейін қамтамасыз ету мақсатында зияткерлік өнеркәсіптік және коммерциялық меншік құқықтарын қорғауды жетілдіруді жалғастыратын болады.
Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихының жаңа кезеңінің басталуы 2015 жылдың 21 желтоқсаны саналады. Осы кезде еліміздің астанасында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 475-V Заңымен ратификацияланып, 2020 жылы 1 наурыздан бастап күшіне енген, бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы келісімге қол қойылды.
Келісімнің «Сауда және кәсіпкерлік» атты III бөлімінің 7-тарауы зияткерлік меншік мәселелеріне арналған. Оның мақсаты тараптар арасында инновациялық және шығармашылық өнімдерді өндіруге және коммерцияландыруға жәрдемдесу және зияткерлік меншік ұқықтарын күзету мен қорғаудың тиісті әрі тиімді деңгейіне қол жеткізу болып табылады.
«Қағидаттар» атты 7-тараудың 1-бөлімінде тараптар өздері қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншікке қатысты халықаралық шарттардың тиісінше әрі тиімді орындалуын қамтамасыз етуге; технологияларды беруді қозғайтын зияткерлік меншік құқықтарын күзету мен қорғау жөніндегі өз заңнамасы мен халықаралық практика туралы пікір және ақпарат алмасуға; құқықтардың түгесілу қағидаттарын қолдануға қатысты жалпы ережелер баяндалған.
«Зияткерлік меншік құқықтарының стандарттары. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» атты 2-бөлімде зияткерлік меншіктің нақты объектілеріне қатысты құқықтарды қорғау мәселелеріне қатысты нақты ережелер бар. ЕО осы жеті жылдық кезең аяқталғанға дейін екі жылдан кешіктірмей уәкілетті органдардың, ұйымдардың өкілдері мен судьяларды тиісінше оқытуды қамтамасыз еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының келісіміне сәйкес тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді көшіруден құқықтық қорғауды қамтамасыз ету міндеттемелері алынғанына назар аудару қажет. Сондай-ақ тараптар өздерінің ұйымдары арасында құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі уағдаластықтарды белгілеу үшін шаралар қолданатыны көзделген (87 және 86-баптар).
«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» атты 3-бөлімде жалпы міндеттемелер баяндалған. Бұл міндеттемелерге сәйкес «шаралар, рәсімдер мен құқықтық қорғау құралдары әділетті әрі тең болуға тиіс және аса күрделі немесе аса қымбат болмауы, немесе мерзімдердерді негізсіз ұлғатуға, немесе орынсыз кідірістерге әкелмеуге тиіс. Олар тиімді, өлшемдес және тежеуші болуға тиіс және заңды сауда үшін тосқауылдардың жасалуын болдырмайтындай және оларды теріс пайдалануға қарсы кепілдікті қамтамасыз ететіндей түрде болуға тиіс».
Ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын иеленушілер жатқызылған уәкілетті өтініш берушілер (құқықтық қорғау шараларын, рәсімдерін және құралдарын қолдануға жүгінуге құқығы бар адамдар); осы құқықтарды пайдалануға құқығы бар барлық басқа тұлғалар; тұрақты түрде зияткерлік меншіктің құқық иеленушілерінің атынан ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес келетін және рұқсат етілген дәрежеде өкілдік етуге құқығы бар деп танылатын зияткерлік меншіктің ұжымдық құқықтарын басқару жөніндегі органдар; кәсіби қорғау органдары немесе зияткерлік меншіктің құқық иеленушілерінің ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес келетін және рұқсат етілген дәрежеде өкілдік етуге құқығы бар деп танылатын басқа да тұлғалар ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес келеді.
Зияткерлік меншік құқықтарын сот арқылы қорғауға қатысты негізгі ережелер (дәлелдемелер және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы, уақытша және алдын алу шаралары туралы, түзеу шаралары, сот тыйымдары туралы), сондай-ақ балама шаралар мен әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысты негізгі ережелер баяндалған және кедендік шараларға баса назар аударылған.
«Құзыретті сот органдары, егер осы тұлға абайсызда және қасақана емес әрекет етсе, егер бұл шараларды қолдану ол үшін пропорционалды емес зиянға әкеп соқса және егер ақшалай өтемақы жәбірленуші тарапқа жеткілікті қанағаттанарлық түрде ұсынылса, ақшалай өтемақы туралы бұйрық шығара алады» деген балама шаралар көзделген (105-бап).
Келісімде «осы тарау зияткерлік меншік құқықтарын күзету мен қорғау үшін неғұрлым жоғары стандарттарды көздейтін өз заңнамасының ережелерін, егер олар осы тараудың ережелеріне қайшы келмеген жағдайда, Тараптардың қолдануына кедергі келтірмейді» деп оның мемлекетке кедергі келтірмейтіні айтылған (62-баптың 4-тармағы).
IV бөлімде делдал ретінде әрекет ететін қызмет провайдерлерінің жауапкершілігі көзделеді