National Institute of Intellectual Property
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі туралы шешім зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға елеулі өзгерістер әкелген сыртқы саяси оқиға болды.
1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттама Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 356-V Заңымен ратификацияланды.
ДСҰ шеңберіндегі зияткерлік меншік саласындағы өзара іс – қимылдың құқықтық негізінің рөлін ДСҰ құру туралы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ДСҰ Бас кеңесінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен бекітілген зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша-TRIPS келісімі атқарады (Марракеш, 1994) (ДСҰ құру туралы келісімге 1C қосымша).
ДСҰ-ның реттеуші кешеніне зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға бағытталған құқықтық нормалардың енгізілуі халықаралық сауданың зияткерлік меншік объектілерімен тығыз байланысты болуына байланысты, сондықтан TRIPS келісімі ДСҰ өз қызметін жүзеге асыратын үш негізгі заңды құжаттардың біріне айналды.
Көпжақты сауда жүйесі тұрғысынан TRIPS келісімін қабылдау нақты шекаралық шаралар бойынша келіссөздерден халықаралық сауданың жалпы тенденцияларын көрсететін халықаралық сауданың көпжақты ережелерін белгілеуге көшуді белгіледі. Ондағы зияткерлік меншікке қатысты тауарлар көлемінің өсуімен зияткерлік меншік құқықтарын бұзудың жағымсыз экономикалық салдары айтарлықтай өсті.
TRIPS халықаралық келісімдер тарихында алғаш рет зияткерлік меншік құқықтарының сақталуына назар аударады және құқық иелері өз құқықтарын қорғау үшін пайдалана алатын негізгі құқықтық қорғау құралдарын анықтайды.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі әлемдік нарықтарға қол жеткізудің неғұрлым қолайлы жағдайларын алуға, дауларды шешу және ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тетіктердің көмегімен қазақстандық тауарларға қатысты кемсітушілікті жоюға ықпал етті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен шектелуі мүмкін.
Осыған байланысты, сондай-ақ 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2), 5), 8), 9) тармақшаларына сәйкес ДСҰ келісіміне өзгерістер мен толықтырулар заңнамалық акт деңгейінде ратификациялауға жатады. Сондықтан бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметі «ДСҰ-ның зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімін (TRIPS) өзгерту туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы TRIPS келісімін ратификациялауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.