Қазақстандық өтінім берушілер Еуразиялық патент алуға Еуразиялық өтінім беру арқылы ТМД-ның көптеген елдерінің аумағында өздерінің өнеркәсіптік үлгісіне қорғауды ала алады

National Institute of Intellectual Property

Қазақстандық өтінім берушілердің Қырғыз Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы сияқты ТМД елдерінің аумақтарында қолданылатын еуразиялық патентті алуға еуразиялық өтінім беру жолымен көптеген ТМД елдерінің аумақтарында өзінің өнеркәсіптік үлгісіне қорғау алу мүмкіндігі бар екенін барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.

Осындай жолмен берілетін өңірлік патент өтінім берілген күннен бастап 25 жыл қолданылады.

 2021 жылдың шілдесінен бастап өнеркәсіптік үлгілерге арналған еуразиялық патенттерге өтінімді ҰЗМИ РМК арқылы беру мүмкіндігі пайда болды. Еуразиялық өтінім ҰЗМИ арқылы 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың 13(2)-бабына сәйкес екі данада беріледі.

Өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық патент беруге арналған өтініш бланкісі және оларды толтыру тәртібі Еуразиялық патенттік ұйымның  веб-порталында «Құжаттар/Өтініштер бланкілері» деген бөлімінде орналастырылған.

Өтінім берушінің еуразиялық өтінім құжаттарын ресімдеуіне қойылатын талаптар Еуразиялық патенттік конвенцияға (II бөлім Өнеркәсіптік үлгілер) Патенттік нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық патент беруге арналған өтінімді жасау және беру қағидаларымен регламенттелген, бұл құжаттар Еуразиялық патенттік ұйымның веб-порталында «Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау құжаттары/мәселелері» деген  бөлімінде орналастырылған.

Осы бөлімде Еуразиялық патенттік конвенцияға (II бөлім Өнеркәсіптік үлгілер) Патенттік нұсқаулықтың мәтіндері орналастырылған.

ҰЗМИ РМК еуразиялық өтінімнің Нұсқаулықтың 102 және 103-қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексереді және Нұсқаулықтың
101-қағидасына сәйкес оның берілген күнін белгілейді.

ҰЗМИ РМК оң нәтижемен тексеруден өткен еуразиялық өтінімді Еуразиялық ведомствоға жөнелтуді жүзеге асырады.

Әрбір еуразиялық өтінім еуразиялық өтінімді өңдегені, тексергені және жөнелткені үшін баж төлеумен қоса жүруі тиіс (Нұсқаулықтың 102(2)- қағидасы).

Өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттерді беруге арналған өтінімдерге қатысты жасалатын заңдық маңызы бар және өзге де әрекеттер үшін Еуразиялық патенттік ұйымның баждары туралы ережемен Сіз Еуразиялық патенттік ұйымның веб-порталында «Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау туралы құжаттар/мәселелер» деген бөлімінде таныса аласыз.

 

 

Образец бланка заявления на выдачу евразийского патента на промышленный