Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

5 желтоқсанда Астанада отандық өнертапқыштық саласындағы басты жыл сайынғы іс-шара өтті

05 желтоқсан, 2025

Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Республикалық «Шапағат – 2025» өнертабыс саласындағы жетістіктері байқауынығ жеіңмпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс 2004 жылдан бері ҚР Әділет министрлігі және Qazpatent Ұлттық зияткерлік меншік институтының бірлесіп өткізуімен ұйымдастырылып келеді және жиырма жыл ішінде инновациялар мен зияткерлік меншік мәдениетін ілгерілететін маңызды ұлттық алаңға айналды.

Салтанатты рәсімнің ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы барлық кезеңде жаңашыл ойлау технологиялық дамудың қозғаушы күші болғанын және өнертапқыштықты қолдау еліміздің тұрақты инновациялық прогресінің маңызды шарты болып қала беретінін атап өтті.

«Шапағат – 2025» байқауы тәжірибелі ғалымдар да, жас зерттеушілер де ұсынған көптеген әзірлемелерді қамтыды. Комиссия жұмыстарды бірнеше критерий бойынша бағалады, олардың ішінде техникалық шешімнің жаңашылдығы, экономиканың салалары үшін өзектілігі, енгізілу деңгейі, өнеркәсіптік қолдану мүмкіндігі және табысты коммерцияландыру ықтималдығы бар.

Салтанатты рәсімде алты номинация бойынша лауреаттар жарияланды: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инновациялық компания», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас өнертапқыш», «Жас дарын». Сонымен қатар еліміздің инновациялық ортасының дамуына елеулі үлес қосқан авторларға берілетін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы табысталды.

Салтанаттың ерекше бөлімі ретінде еуразиялық өңірдің инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін қазақстандық өнертапқыштарға Еуразиялық патент ведомствосының «Болашаққа көзқарас» медалін табыстау рәсімі өтті.

Рәсімге халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, шетелдік патенттік ведомстволардың, корпоративтік сектор мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты. Олардың қатысуы әлемдік қауымдастықтың қазақстандық инновацияларға және еліміздің заманауи зияткерлік меншік экожүйесін қалыптастыру жөніндегі күш-жігеріне деген артып келе жатқан қызығушылығын айқындайды.

Байқаудың ұйымдастырылуында демеушілердің ерекше рөлі болды, олардың қолдауы іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті. Олардың арасында: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Metall Prom Group» ЖШС, «Тагбергенова и Партнеры» ЖШС, «React Central Asia» ЖШС, «Горилла Азия» ЖШС, «Шабалина и Партнеры» ЖШС, «Городисский и Партнеры» ЖШС, «Intellect KZ» ЖШС, «Бюро Плис» ЖШС, «Мама знает» ЖШС,  «ШИН-ЛАЙН» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС.

«Шапағат – 2025» конкурсын өткізу қазақстандық ғылымның өсу деңгейін және елеулі кадрлық әрі зияткерлік әлеуеттің бар екенін тағы да растады.