Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 30 мамырда Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) филиалының қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым және инновациялық қызмет Департаментімен бірлесіп "Қазақстан Республикасындағы Патенттік құқық негіздері" тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Qazpatent филиалының бас сарапшысы Раушан Джетыбаева негізгі баяндама жасап, Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеудің негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі баяндады. Семинар барысында өтінімдерді беру тәртібіне, қорғау құжаттарын алу рәсіміне, сондай-ақ шетелдік патенттеу ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қаралды.
Іс-шара қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар мәлімделген тақырыптың өзектілігін және ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын атап өтті.