Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ФӨМИ Хабаршысы» («Вестник ФИПС») журналы қазақ тілінде қолжетімді болды

16 мамыр, 2025

Зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерді қамтитын ғылыми журнал – «ФӨМИ Хабаршысы» енді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінде де қолжетімді.

Журнал 2022 жылы зияткерлік меншік саласындағы ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау мақсатында құрылды.

Құрылтайшысы және баспагері – Ресей Федерациясының Федералдық өнеркәсіптік меншік институты.

Журналдың қазақ тіліне аударылуы қазақстандық мамандар үшін ғылыми және қолданбалы ақпаратқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мен басқарудың озық тәжірибелерін қолдануға ықпал етеді.

Еуразиялық патенттік ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық тілдеріндегі нұсқасы: https://www.eapo.org/publikaczii-na-naczionalnyh-yazykah/

Келесі журнал шығарылымдарын аудару алдағы уақытта да жалғасады.

Орыс тіліндегі «ФӨМИ Хабаршысы»: https://vestnikfips.ru/