Ұлттық зияткерлік меншік институты
14 мамырда Qazpatent-тің бас сарапшысы Гүлбаршын Қазиева Назарбаев Университетінде өткен митап аясында «Химия, биология және медицина салаларындағы технологияларды патенттеу» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында өнертабыс пен пайдалы модельдің айырмашылықтары, өтінім беру талаптары және осы салалардағы сараптаманың негізгі өлшемдері қарастырылды.
Іс-шара Sustainable Innovation and Technology Foundation (SITF) ұйымдастырған Founders’ School бағдарламасы аясында Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен өткізілді.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.