Ұлттық зияткерлік меншік институты
20-21 ақпанда Qazpatent «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбына семинарлар өткізді.
Семинар аясында авторлық құқықты қорғау, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, өнертабыстарды халықаралық және өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландыру мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.