Ұлттық зияткерлік меншік институты
Сіздерге 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін, PCT халықаралық өтінімін берген кезде төленуге тиісті алымдардың АҚШ долларындағы жаңа эквиваленттері туралы хабарлаймыз. (https://www.wipo.int/export/sites/www/pct/en/docs/fees.pdf).
Халықаралық өтінішті беру үшін халықаралық алым - 1 555 USD (заңды тұлғалар үшін); - 155,50 USD (жеке тұлғалар үшін).
Сондай-ақ, 30 беттен артық әр беті үшін қосымша алым - 18 USD (заңды тұлғалар үшін); - 1,8 USD (жеке тұлғалар үшін).
Сонымен қатар, 2024 жылдың 5 қазанынан бастап халықаралық іздестіру органы ретінде қызмет ететін Федералды зияткерлік меншік қызметі (FIPS) Ресей рублінде халықаралық іздестіру жүргізуге арналған жаңа алымдарды белгіледі.
Орыс тілінде халықаралық іздестіру жүргізу үшін алым мөлшері 9 000 рубль, ағылшын тілінде - 45 000 рубль.
Жаңа эквивалентті сомалар АҚШ долларында (USD) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей белгіленеді:
9 000 рубль = 94 АҚШ доллары.
45 000 рубль = 468 АҚШ доллары.