Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent бизнес-кездесуде: франчайзинг пен зияткерлік меншікті қорғауды талқылау

14 тамыз, 2024

2024 жылғы 14 тамызда Qazpatent "Атамекен" ҰКП және "Business Kezdesu" бірлесіп "Банк Центр Кредит"АҚ ұйымдастырған бизнес-кездесуде қатысты.
Шағын және орта бизнес өкілдеріне бағытталған іс-шарада франчайзингті масштабтау, цифрлық шешімдерді қолдану және брендтеудің өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында Qazpatent сарапшылары кәсіпкерлік қызметте зияткерлік меншікті қорғаудың маңыздылығына баса назар аудара отырып, "авторлық құқықты тіркеу", "тауар таңбасын тіркеу" және "франчайзинг шарттарын тіркеу" тақырыптарында баяндамалар ұсынды.