Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттер Ассамблеяларының 65-ші отырысына қатысуда

10 шілде, 2024

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеяларының отырыстарына қатысуда. 65-ші отырыстар сериясы 2024 жылдың 9-17 шілдесі аралығында Женевада (Швейцария) өтуде.

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына директордың орынбасары Айдын Артықова басқаратын Kazpatent өкілдер тобы кіреді.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасының делегация зияткерлік меншік саласындағы жаһандық қызметтерді, сондай-ақ ДЗМҰ қызметінің әкімшілік, бюджеттік және бақылау мәселелерін талқылауға қатысады. Сонымен қатар, зияткерлік меншікке, генетикалық ресурстарға және генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімге қатысты халықаралық-құқықтық құжат қорытындысы бойынша дипломатиялық конференцияның нәтижелері талқыланады.

Жұмыс барысында бірқатар халықаралық ұйымдармен және ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттердің делегацияларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ассамблея алаңында Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің 44-ші отырысы өтеді, сондай-ақ Еуразиялық патенттік ведомство мен қатысушы елдердің «Еуразиялық патенттік конвенцияға 30 жыл: Болашаққа бағдар» көрмесі ұйымдастырылады.