Ұлттық зияткерлік меншік институты
10 Маусымда Qazpatent грант алушылар мен министрліктер өкілдері үшін «Ғылым қоры» АҚ-мен «Зияткерлік меншіктің құқық аспектілері» тақырыбында бірлескен вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, сондай-ақ Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.