Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті үшін вебинар өткізді

23 мамыр, 2024

23 мамырда Qazpatent Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдері, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер және Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.