Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 11-13 сәуірде Астана қаласында халықаралық конкурстардың жеңімпаз оқушыларына арналған II Халықаралық ғылыми форум (бұдан әрі-Форум) өтеді. Іс-шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін, Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнін және академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.
Форумның мақсаты - ғылымды насихаттау, балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу, ғылыми әлеуетті арттыру және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту.
Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис және Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген оқушылар мен педагогтар қатысады. Форум гибридті форматта өтеді. Форум аясында BRISEC халықаралық ғылыми-білім беру консорциумының қолдауымен 12 және 13 сәуірде оқушылар мен педагогтарға арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің ғылыми зертханаларына бару жоспарлануда.
Форумның бірінші күні ҚР Президенттік орталығында Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а мекенжайы бойынша өтеді.
Форумның екінші және үшінші күндері Qazpatent (Мәңгілік Ел, 57А) алаңында өтеді, онда ҚХР шақырылған ғалымдарымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған семинар-тренингтер өткізеді.
Мектеп және колледж оқушыларының форумына қатысуға шақырамыз.
Тіркелу сілтемесі https://forms.gle/pnL3VEunHrGNuYhk8
Сіздерді жоспарланған Zoom конференциясына шақырамыз.
Кіру: https://us06web.zoom.us/j/83415054287?pwd=zdTP4cM71q3I8bkbojStvkuH1xeOof.1
Конференция идентификаторы: 834 1505 4287
Кіру коды: 505290