Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Астана қаласында "Супер әже-2024" байқауы өтті

23 наурыз, 2024

Наурыз айының 23 күні Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұйымдастыруымен «Супер әже-2024» байқауы өтті.
Елімізде қарт адамдардың қоғамға қосатын үлесінің маңыздылығын көрсете білген іс-шараға Е.Оспанов жетекшілік ететін Қазпатент мекемесі ақпараттық серіктесі ретінде қолдау білдірді.

Байқауға талғампаз жастағы он ару қатысып, өз өнерлерімен даналығын, өскелең ұрпақты шабыттандыратын өмірлік тәжірибелерін паш етті.

«Біз осындай айтулы шараны қолдағанымызға және сондай мүмкіндік туғанына мақтан тұтамыз" – деді Е.Оспанов. «Бұл тек сұлулық пен таланттар сайысы емес. Бұл – адам жасының тек сан ғана екенін күн сайын дәлелдеп келе жатқан аруларымыздың өмірінің, даналығының, сарқылмас қайратының мерекесі».

«Супер әже - 2024» байқауы қарттарымызға деген құрмет пен қамқорлықты, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуын көрсететін жарқын оқиғаға айналды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар осы естен кетпес шараға қолдау білдіріп, үлес қосқаны үшін Қазпатент ұжымына және Сарыарқа ауданының әкімдігіне алғыстарын білдірді.