Ұлттық зияткерлік меншік институты
АЖ саласындағы ең беделді сыйлыққа қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ШОБ және стартаптар шақырылады.
Сыйлық шеңберінде мынадай салалардағы шағын кәсіпорындардың ерекше жетістіктері атап өтіледі:
- АЖ активтерінен пайда алу;
- бизнестің өсуі үшін АЖ пайдалану;
- ТДМ-ға қол жеткізу үшін коммерциялық шешімдер жасау.
Жеңімпаздарға:
- халықаралық ілгерілеу, танымалдық және атақ;
- Женеваға ДЗМҰ жаһандық сыйлықтары бағдарламасының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне және іскерлік байланыстарды жолға қою жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысу үшін сапар;
- АЖ коммерцияландыруды кеңейту және бизнесті өсіру үшін жеке тәлімгерлік бағдарламасына қатысу;
- қаржыландыруға қол жеткізу және іскер серіктестерді іздеу ісінде қолдау көрсетіледі.
2024 жылғы ДЗМҰ жаһандық сыйлықтар бағдарламасын өткізу мерзімдері
Өтінімдерді қабылдау: 15 Қаңтар - 31 наурыз. Онлайн өтініш формасы бірнеше тілде қол жетімді. (https://global-awards.wipo.int/ )