Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

"Лудомания. Құмар ойынның қасіреті" атты пікір алмасу алаңы өтті

21 қараша, 2023

Бүгін «Qazpatent» қабырғасында «Лудомания. Құмар ойын қасіреті» атты ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді. Бұл жиынға Астана қаласы әкімді «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қызметкері, дәрігер нарколог, «Астана Медициналық университетінің» психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы құмар ойындарына тәуелділік туралы егжей-тегжейлі  ақпарат берді.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ойынқұмарлық індеттей өршіп, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастады. Лудомания – ХХІ ғасырдың дерті. Миллиондаған адам құмар ойындардан зардап шегеді. Бүгінде бәс тігу мектеп қабырғасынан басталып жатыр. Барлық ойын онлайн, жұртшылыққа оңай қолжетімді» - деп атап өтті дәрігер нарколог Қойшыбеков Тоқтар. 

Комплаенс офицер және әдеп жөніндегі уәкіл Байтасова Индира өз сөзінде: «Осы ұйымдастырылып отырған ақпарат алмасу алаңының негізгі мақсаты – біріншіден ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, екіншіден азаматтарды ойынға тәуелділіктен және отбасыларды оның теріс салдарынан қорғау» - деді ол.             

 Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілдері талқыланып және оның алдын алу шаралары пысықталды.