Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent алаңында дизайынды құқықтық қорғау бойынша семинар өтті

20 қазан, 2023

Астанада Qazpatent алаңында "Еуразиялық аймақтағы өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау жүйесін дамыту және дизайнды құқықтық қорғау" семинары өтті. Іс-шараны Qazpatent және Еуразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) ұйымдастырып, гибридті форматта өтті.

Іс-шараны Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Григорий Ивлиев құттықтау сөзімен ашып, өңірдегі өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау жүйесін дамытудың, сондай-ақ өңірлік және Ұлттық патенттік ведомстволардың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры Шолпан Әбдіреева семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы тарихи құжат - Хаттамаға қол қою- Еуразияда дизайнды құқықтық қорғаудың бірыңғай жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

Семинар спикерлері Еуразиялық патенттік ведомствоның өкілдері: сараптама басқармасының өнеркәсіптік үлгілер бөлімінің бастығы Әсемгүл Әбенова, сараптама басқармасының бастығы Сергей Аверкиев, Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Денис Заставный, сондай-ақ Qazpatent сарапшылары Тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Гүлнар Белгожина және тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер басқармасы басшысының орынбасары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары Азат Накенов. Семинардың модераторы ретінде тауар таңбаларын, географиялық көрсеткіштерді және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының басшысы Алтынай Тайшева сөз сөйледі.

Семинарда дизайынды құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері, өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу рәсімінің ерекшеліктері және Еуразиялық өңірдегі осы жүйенің даму перспективалары, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілер мен тауар белгілеріне, авторлық құқық объектілеріне құқықтардың қиылысуы талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Семинарды ұйымдастырушылар барлық онлайн және офлайн тыңдаушыларға берілген уақыт пен семинар тақырыбына қызығушылық үшін алғыс білдіреді.


Семинар спикерлерінің презентациялар