Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін, 2023 жылғы 18 қазанда Qazpatent 2022 жылғы және 2023 жылғы 9 айдағы қызмет туралы есепті ұсынды.
Есепті Qazpatent директоры Е.К. Оспанов ұсынды және уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен вице-министр Б.Ш. Жақселекова тыңдады: зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры Ш.Т. Абдреева, Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің директоры Ш.Р. Ташенева және стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы Ж.К. Нұрбаева.
Qazpatent есебінде ведомство жұмысының негізгі нәтижелері, есепті кезеңдегі зияткерлік меншік саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер көрсетілді.
Тыңдау қорытындысы бойынша Qazpatent-тің Қазақстандағы зияткерлік меншікті қорғау және көтермелеу жөніндегі өз миссиясын орындаудағы табысты жұмысы атап өтілді, сондай-ақ стратегиялық міндеттерді одан әрі дамыту мен іске асырудың басым бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.
Жыл сайынғы тыңдау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 64-ө өкімінің 19-тармағын орындау үшін өтетінін атап өткен жөн.