Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» интеллектуалдық ойыны

17 қазан, 2023

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні «Qazpatent» ұжымы арасында «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Ойын ережесі бойынша ұжым арасында командалар құрылды. Жасақталған командалар полиглот, шығармашылық уақыт және сұрақ-жауап кезеңдерінде жарысқа түсті. Интеллектуалдық ойын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүргізу, сыбайлас жемқорлық бойынша заң баптары, сыбайлас жемқорлық алдын алу және сыбайлас жемқорлық бойынша өкілетті органдарға хабар беру алгоритмдері бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ жемқорлардың психотипін суреттеп, оны талқыға салды. 

«Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты мен міндеті: біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою. Аталмыш іс-шарада көтерілген тақырыптың өзектілігіне назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы және онымен күрес бойынша ақпараттарды пысықтау» - деп атап өтті мекеме комплаенс-офицері және әдеп жөніндегі уәкілі Индира Байтасова.

Іс-шараның одан әрі қызығын жалғастыра түскен іс-қимыл ойындары болды. Ойын соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.