Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

12-13 қазанда Qazpatent Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен «Аймақтардың технологиялық дамуы үшін технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ТИҚО) ресурстарының интеграциясы» II съездін өткізді.

12 қазан, 2023

12-13 қазанда Qazpatent Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен «Аймақтардың технологиялық дамуы үшін технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ТИҚО) ресурстарының интеграциясы» II съездін өткізді.

2023 жылдың 12-13 қазанында Qazpatent Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен «Аймақтардың технологиялық дамуы үшін технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ТИҚО) ресурстарының интеграциясы» II съездін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты - ТИҚО-ның қажетті шарттарын, ресурстарын және одан әрі дамуын анықтау үшін тәжірибе алмасу. Сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың мәселелері мен перспективаларын талқылау.

II Съезді Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артықова бастап, өнертапқыштардың жоғары сапалы техникалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлік негізде идеялар мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етудегі ТИҚО жұмысының өңірлердегі маңыздылығын атап өтті. ДЗМҰ тарапынан онлайн-жолдауын ДЗМҰ-ның Инновциялар мен экожүйелер секторының, новаторларға арналған ЗМ Департаменті, технологиялар және инновацияларды қолдау бөлімінің директоры, Эндрю Чайковский жеткізді.

II Съездің бірінші күнінің жұмысы ДЗМҰ-ның Инновциялар мен экожүйелер секторының, новаторларға арналған ЗМ Департаменті, технологиялар және инновацияларды қолдау бөлімінің сарапшысы Александр Бельяновтың баяндамасымен басталды. Съезд жұмысын Қырғызстан Республикасының ТИҚО ұлттық желісінің өкілі – Венера Иманғазиева жалғастырды. Сонымен қатар, Өзбекстан ұлттық желісінің өкілдері – Суннатулла Рахмонов және Тәжікстан Республикасының ТИҚО ұлттық желісінің өкілдері – Парвиз Раджабзода онлайн-форматта баяндама жасады. II Съездің гибридтік форматы 60-тан астам онлайн қатысушылардың басын қосты. ТИҚО координаторы Назифа Бақтыбаева өз сөзінде Қазақстандағы ТИҚО жобасын жүзеге асырудың дамуы туралы айтты.

II Съездің екінші күні дөңгелек үстел форматында ТИҚО координаторларының баяндама жасауымен өтті және жұмыс барысында ТИҚО дамытудың озық тәжірибелері ұсынылды. Презентацияларды Назарбаев Университетіндегі ТИҚО координаторы Мәди Сүйіндіков, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» КеАҚ жанындағы ТИҚО координаторы Абдулла Саипов жасады және II Съездің басқа да қатысушылары туындаған сұрақтарын қойып, белсенді қатысты.

II Съездің жұмысының қорытындысы бойынша халықаралық және ұлттық спикерлердің баяндамалары тыңдалды, ТИҚО жобасын Қазақстанда жүзеге асыру нәтижелері талқыланды және алдағы уақытқа жұмыс жоспарлары  белгіленді. II Съезд қатысушыларына ДЗМҰ атынан сертификаттар мен Qazpatent директорының алғыс хаттары табыс етілді.

II Съезд жұмысы Digital Bridge 2023 халықаралық форумына барумен жалғасты.


Сіздердің назарларыңызға: бүгінгі таңда Қазақстанда 23 ТИҚО жұмыс істейді. Олар туралы ақпаратты ДЗМҰ ресми сайтында  https://www.wipo.int/tisc/ru/search/search_result.jsp?country_id=97  сілтемесінде орналасқан. Сонымен қатар, бұл бағдарламаға Алматы қаласының Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының, сондай-ақ Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің қосылуы жоспарлануда.