Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Qazpatent «Ғылым қоры» және QazInnovations-пен кездесулер өткізді

05 қазан, 2022

2022 жылғы 5 қазанда Qazpatent директоры Ербол Оспановтың төрағалығымен «Ғылым қоры» АҚ мен «QazInnovations» Ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ өкілдерімен екі жұмыс кездесуі өтті.

Кездесулер барысында Қазақстандағы патенттік белсенділікті ынталандыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесулердің нәтижесінде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу және инновацияларды қолдау бойынша одан әрі ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шаменов және «QazInnovations» Ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Санат Аханов коммерцияландыру институтын дамыту жөніндегі ағымдағы міндеттер мен перспективалар туралы баяндады.

Өз кезегінде Ербол Оспанов ғылыми орта өкілдерінің коммерцияландыру мәселелері бойынша өзекті сұраныстарын атап өтіп, тығыз ынтымақтастыққа және инновациялық экожүйені нығайтуға дайын екенін білдірді.

Іс-шараның қорытындысында Qazpatent пен QazInnovations арасында меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

«Ғылым қорымен» меморандум 2017 жылы жасалған.