Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) ұйымдастырылған Патенттік кооперациясы туралы шарт бойынша тренинг

29 қараша, 2013

2013 жылдың 11-14 қараша аралығында Женева қ. (Швейцария) ДЗМҰ штаб пәтерінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) ұйымдастырылған Патенттік кооперациясы туралы шарт бойынша тренинг өтті.

РСТ бойынша оқу тренингке келесі елдердің өкілдері қатысты: Ботсванна, Грузия, ЕАПҰ, Молдова, Сантоме және Принсипи, Оңтүстік Африка және Өзбекстан. Қазақстан Республикасының атынан ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сарапшысы Ж. Ысқақ және «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді алдын-ала сараптау басқармасының басшысы Қ. Искакова қатысты.

Құттықтау сөзін Джеймс Пули мырза, Бас директордың орынбасары, Инновациялар мен технологиялар бөлімі, ДЗМҰ және Клаус Маттес мырза, РСТ халықаралық бөлімінің директоры сөйледі.

Тренингтің жұмысында қарастырылған негізгі мәселелері халықаралық өтінімдерді қарау рәсімдері, РСТ бойынша халықаралық өтінімдерді әзірлеу және электрондық беру мәселелері болып табылған.

РСТ халықаралық бөлімдері, патенттік құқық, статистика, коммунркациялар, халықаралық классификациясы және стандарттар бөлімдерінің, ғаламдық инфраструктура секторының, РСТ оперативтік бөлімінің (құрылым, міндеттер, тиімділіктің көрсеткіштері) қызметкерлерінің презентациялары ұсынылды, сонымен қатар ДЗМҰ Академиясының тренингтер мен оқу бағдарламасы ұсынылды.

Оқу сапардың тақырыптамасы Патенттік кооперациясы Шарты (РСТ) қатысушы-елдерінің патенттік ұйымдары үшін РСТ өтінімдерді электрондық беру қажеттілігі себепші болған. Лекторлар өздерінің бандамаларын РСТ жүйесі шеңберінде өтінім берушілер, өнеркәсіптік меншік қорғау ұйымдары және ДЗМҰ Халықаралық бюросы арасында электрондық әрекеттесуді қамтамасыз ететін жүйлерге, қызметтерге және стандарттарға арнады.

Оқу тренинг нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

Ақталғаннан кейін тренингтің қатысушылары оқу тренингтің ұйымдастырушыларына алғыс білдірді және лекторлардың жоғары кәсіптік деңгейін белгіледі.