Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі 29.11.2013 ж. өткізілген бейнеконференцияның нәтижелері бойынша қорытындысы

05 желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті 2013 жылғы 29 қарашада қаржы полициясы, ішкі істер және кеден органдары, аумақтық әділет органдары, оқу орындары, жазушылар шығармашылық одағы, шағын және орта бизнес, авторлар мен өзге құқық иелерінің құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі бейнеконференцияны өткізді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингтерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша мемлекеттік органдарының атқаратын жұмысы туралы көпшіліктің назарына жеткізу осы бейнеконференцияның мақсаты болып табылды.

Кіріспе сөзімен бейнеконференция модераторы Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Ш.Т. Әбдіреева сөз сөйледі. Өзінің сөзінде Ш.Т. Әбдіреева зияткерлік меншік объектілерін қорғау маңыздылығына және нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері зияткерлік меншік құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу өзекті мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Осы ретте, қаржы полициясы капитаны Э.Т. Қалығұлова Алматы қаласы, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының ЭСЖҚКД-ің Қылмыстық кодексінің 184-бабы бойынша қылмыстық істер бойынша статистиканы келтірді. 2013 жылдың 10 айы ішінде 588 іс-қылмыстар (ұқсас мерзімнің ішінде 2012 жылы - 396) қозғалды, оның ішінде 535 (356)- ҚР ҚК 184-бабы, 8 (14) – ҚР ҚК 199-бабы, 45 (26) – ҚР ҚК 227-бабы бойынша. Осы саладағы басы ашылған қылмастардың нәтижесінде құқық иелеріне келтірілген залалдың мөлшері 475 млн. теңге құрады. Сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін шешу шет елдерінің тәжірибесі қаралды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің «К» басқармасының сарапшысы С.Р. Дүйсетаев ішкі істер органдарымен атқарылып жатқан кибер қылмыстарымен күресу жөнінде және интернет-қарақшылықпен күресудің жалпы нәтижелерін баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы Б.Б. Сейдалин таяу шетелден келетін контрафактілік өнімдердің проблемасын көтерді. 2013 жылдың 10 айы ішінде жергілікті кедендік органдармен зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгісімен жалпы соммасы 11304250 АҚШ долларын құрайтын 495 декларациялар бойынша тауарлар рәсімделді. Сонымен қатар, қазіргі танда Кедендік реестрде 232 зияткерлік меншік объектілерінің қамтылғанына назар аударды.

Кәсіпкерлермен мейрамханаларда және көңіл көтеретін мекемелерде пайдаланатын музыкалық фонограммаларды заңды қолдану талаптары жөнінде Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сарапшысы Г.М. Кубенов сөз сөйледі. Көңіл көтеретін мекемелердің иелеріне өзге құқық иелерінің құқықтарын пайдалану үшін ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдерімен келісім-шартты жасауды қажет екенін хабарлады.

Жамбыл облысы Әділет департаменті авторлар мен өзге де құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Жамбыл облысының кедендік органдармен бірлескен іс-шаралардың қорытындысын жариялады. 2013 жылдың 12-13 қарашада бірлескен жоспарды орындау мақсатында «Сыпатай батыр» кедендік бекетте тексеріс өткізілді. Тексеріс барысында Қазақстан Республикасы азаматтарынан «Fabiani» және «Marco Polo» тауар таңбалармен спорт киімдер және аяқ киімі 75000 және 18000 теңге құрайтын контрафактілік өнімдер алынды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 145-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Мерке аудандық сотына заңды шешім қабылдау үшін жіберілді.

Зияткерлік меншік аясы жөнінде сұрақ-жауап форматында пікірсайыс өтті. Бейнеконференцияның қатысушылары аталған сұрақтарға толық жауап алды.