Ұлттық зияткерлік меншік институты
2016 жылдың қантар айында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде республикада өнертапқыштықты насихаттауға және қолдауға бағытталған Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсы басталды.
Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК болып табылады.
Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 18 қантарынан басталады және 1 сәуірінде бітеді. Өтінімдерді іріктеу ғылыми мекемелердің, мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссиясы жүзеге асырайды.
Конкурсқа ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына жататын өнертабыстарға 2015 жылы жарияланған патенттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар қатысады.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
«Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша «Химия», «Медицина», «Ауыл шаруашылығы, ауыл шаурашылығы өнімін қайта өңдеу», «Байланыс және коммуникация», «Мұнай-газ және тау-кен саласы» ғылымның келесі салалары бойынша заңды және жеке тұлғалардан өтінімдерді іріктеу жүзеге асырылады.
«Жас дарын» номинациясына 16 жасқа дейін колледж студенттерінің және оқушыларының санынан үміткерлер іріктеледі. Аталған номинацияға патентпен қорғалмаған ғылыми жұмыстар қатыса алады.
Сонымен қатар Конкурстық комиссиясы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымынын және Еуразиялық патенттік ұйымының ұсыныстары бойынша осы халықаралық ұйымдардың медальдарымен марапаттауға ұсыну үшін өтінімдерді іріктеуді жүзеге асыра алады.
Марапаттау рәсімі және конкурс қортындылары Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнін тойлауына орай ағымдағы жылдың 26 сәуірінде жасалады.
Байқауға қатысу өтінімдері келесі мекен- жайлары бойынша қабылданады: