Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінің шетел оқу сапарларының нәтижелері жөнінде есеп беру семинары

01 тамыз, 2016
2016 жылдың 29 шілдесінде «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінің шетел оқу сапарларының нәтижелері жөнінде есеп беру семинары өтті. Семинарды «ҰЗМИ» РМК Директорының орынбасары Қалия Батаева ашты. «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері алдында алынған тәжірибе туралы есептермен келесі сарапшылар сөз сөйледі: Галия Турганова, тауар таңбаларға халықаралық өтінімдерді сараптау басқармасының бас сарапшысы (Корея Патенттік ұйымы туралы), Алтынай Батырбекова, өнертабыстарды және пайдалы модельдерді сараптау басқармасының бас сарапшысы (Япония Патенттік ұйымы туралы), Аида Дәміржан, өнертабыстарды және пайдалы модельдерді сараптау басқармасының жетекші сарапшысы (Қытай Патенттік ұйымы туралы), Раушан Омиралиева, тауарларды және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын сараптау басқармасының бас сарапшысы (Женева қ., Швейцария ДЗМҰ жаз мектебі туралы) және Қызжібек Айтымбетова, тауарларды және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын сараптау басқармасының жетекші сарапшысы (Казань қ., Ресей Федерациясы ДЗМҰ жаз мектебі туралы).
Семинардың нәтижесінде барлық сөз сөйлегендермен барлық мәселелердің белсенді талқылау өткізілді.