Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2016 жылғы 5 тамызында "ҰЗМИ" РМК Атырау қаласы филиалы семинар өткізді.

12 тамыз, 2016
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Атырау қаласы филиалы Маңғыстау облысы Әділет департаменті қолдауымен, Маңғыстау обласы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп а.ж. 5 тамызда «Зияткерлік меншік сұрақтары жөнінде заңнамалық актілер»; Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электрондық түрде беру; Тауар таңбасын және өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау» тақырып бойынша семинар өткізді.
Семинарда кәсіпкерлер және облыстың ірі бизнес құрылымдар өкілдері қатысты.
Алғы сөзбен Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекшісі С. Баксенов сөйледі.
Семинар барысында өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу: өнертабыс, пайдалы модел, тауар таңбасы, тауардың шығарылған жерінің атауы, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер және сараптама рәсімі талқыланды.Семинар қатысушылары тауар таңбаларын тіркеу, өнертабыс, пайдалы моделді, өнертабыс үлгілері жөнінде сұрақтар қойылып, барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты түсіндіру және біліктілік жауаптар берілді.