Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өскемен қ. зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

24 қазан, 2016
Ағымдағы жылғы 14 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан Әділет департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әрі қарай – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тындаудың жұмысына қала кәсіпкерлері, ғылыми мекемелер, Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техниқалық университетінің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, ҰКП Атамекен, «ДАМУ» АҚ өкілдері және патенттік сенім білдерген өкілі қатысты.
Алғы сөзбен А.Кабдрахманова Шығыс Қазақстан Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімнің басшысы ашты.
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Өскемен қаласы филиалың директоры Н.Сейтказинова қатысушыларды Заң жобасының негізгі жаңалактармен таныстырды.
Жалпы заң жобасы қолдау тапты.