2017 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты Алматы қ. филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және құқықтарды берудің негізгі түрлері. Шетелдік патенттеу. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері; ӨМО-не электронды түрде өтінім беру; селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау; шетелдік патенттеу және ӨМО-не құқықтарды берудің негізгі түрлері сияқты тақырыптар қарастырылады.
Дәрістерді «ҰЗМИ» РМК филиалының басқарма басшылары мен сарапшылары оқиды.
Семинар барысында «ҰЗМИ» филиалының мамандары зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, құқықтық қорғау, сақтау және ӨМО-не өтінімдерді электронды беру мәселелері бойынша консультация және тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Семинардың басталу уақыты 2017 жыл 24 қаңтар, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-72-76 және 397-74-30 телефондары бойынша хабарласыңыз.
zayavka.docx programma_seminara_24.01.2017g.pdf