Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өскемен қ. ҰЗМИ РМК филиалының директоры Н.К. Сейтказинова семинарға қатысты.

03 наурыз, 2017
2017 жылғы 23 ақпанда Өскемен қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМ филиалының директоры Н.К. Сейтказинова «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электрондық түрде беру» тақырыбына баяндамамен Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі, ұйымдастырылған семинарға қатысты.
Баяндамада өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты тіркеу рәсімдері, өнеркәсіптік меншік объектілерге электрондық өтініштерді беру тәртібі, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтініштерге сараптама жасау мерзімі туралы ақпарат берілді.
Семинарға патенттік сенім білдірілген өкілдер, Павлодар қ. жоғары оқу орындарының , мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, қаладағы кіші және орта бизнестің өкілдері қатысты.