Ұлттық зияткерлік меншік институты
2017 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты Алматы қ. филиалының Оқу орталығы («ҰЗМИ» филиалы) «Тауар таңбалары, тауар шығрылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде. Құқықтық негіздер және авторлық құқықтарды тіркеу. Өтінімдерді электронды беру және өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Алғы сөзді «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының директоры З.О. Орынбекова сөйлеп, семинар қатысушыларына алдағы уақытта орын алатын, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді.
Семинар жұмысына «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің», «Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ, «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.), «Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ мал шаруашылығы және жем өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Шабалина и партнеры» ЖШС, «Бюро ПЛИС» ЖШС, «LEGALMAX CENTRAL ASIA» ЖШС, «GRATA» заң фирмасының, «Алматы сауда және инвестициялар палатасы» ЖШС, «Алматы Экспертиза» ЖШС өкілдері қатысты.
Семинар барысында келесідей тақырыптар қарастырылды:
- зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (өзгерістер және толықтырулармен бірге);
- тауар таңбасын құқықтық қорғау мен тіркеу талаптары. Тауар таңбасына өтінім беру. Өтінімге қойылатын талаптар;
- тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау мен тіркеу талаптары;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру;
- өнеркәсіптік үлгінің патент қабілеттілік талаптары. Өнеркәсіптік үлгіге патент алуға өтінім беру;
- авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі;
- зияткерлік меншік объектілерін пайдлануға құқық берудің негізгі түрлері.
Қатысушылар өнеркәсіптік үлгіге өтінімді рәсімдеу, беру және қарау тәртіптеріне қатысты, сараптама ұйымымен іс қағаздарын және қатынасхаттар жүргізу, тарифтер және оларды төлеу мерзімдері, кешенді кәсіпкерлік қызмет құқықтарын беру туралы және т.б. сұрақтар қойды.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша берген ақпараттары үшін алғыс білдірді.