Ұлттық зияткерлік меншік институты
«ҚР зияткерлік меншікті құқықтық қорғау туралы заңнаманы әрі қарай дамыту жолдары» тақырыбында Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен республикалық семинар жұмысына қатысу
Бүгін, 2017 жылдың 3 сәуірі «ҰЗМИ» РМК директоры Оспанов Е. және «ҰЗМИ» РМК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ҚазГЗУ Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен университет студенттері, магистранттары және докторанттарының қатысуымен «ҚР зияткерлік меншікті құқықтық қорғау туралы заңнаманы әрі қарай дамыту жолдары» тақырыбымен өткен республикалық семинар жұмысына қатысты.
«ҰЗМИ» РМК директоры Оспанов Е. «Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар семинар қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары даралау құралдарына құқықты тіркеу және қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.
Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры з.ғ.д., профессор Қаудыров Т.Е. «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік құқығын дамытудың ағымдағы үрдістері» тақырыбында баяндама жасады және өтіп отырған шараның студенттер мен магистранттар үшін маңыздылығын атап өтті. Семинардың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысқандықтары үшін қонақтарға алғысын білдірді және «ҰЗМИ» РМК ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.