2017 жылдың 18 сәуірінде Астана қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай «ҰТДА» АҚ конференц- залында «Зияткерлік меншік объектілері және олардың Қазақстан Республикасында қорғалуы» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинардың ұйымдастырушылары: «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «ҰТДА» АҚ.
Зияткерлік меншік институтының лекторлары өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге құқықты қорғау мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
-
өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және селекциялық жетістіктерге өтінімдерге сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімі;
-
өнертабысқа патентті қарастыру және беру мерзімдерін жылдамдату мүмкіндігі;
-
патент мәліметтер базасы, соның ішінде Қазақстанның және шетелдің базалары;
-
ЗМ объектілеріне сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімі, материалдар құпиялылығы;
-
тауар таңбаларын шетелдік тіркеу;
-
«ҰЗМИ» РМК ақпараттық өзара қатынас;
-
өтінімдерді электронды беру.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу мәселесіне қызығушылықтарын білдірді және бұдан былай да ынтымақтаса жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.