2017 жылдың 20- 21 сәуірі аралығында Пекин қаласында «Инновация дәуірі: зияткерлік меншікті қорғау» Зияткерлік меншікті қорғау бойынша жоғары деңгейлі Қытай форумы болып өтті.
Форумды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Сыртқы бюросы «Қытайдың зияткерлік меншік жаңалықтары» газетінің редакциясымен бірге Қытайда ұйымдастырды. Аталған шара жыл сайын 26 сәуірде аталынып өтетін Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай өткізілді.
Форум делегаттарының алдында Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының Комиссары Шен Чан Ю мырза, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорының орынбасары Ван Бининь ханым, ҚХР Мемлекеттік басып шығару, радио және телевидение істері жөніндегі басқарма (ҚХР авторлық құқық жөніндегі ұлттық администрациясы) директорының орынбасары Чжоу Хулинь мырза сөз алды.
Өз сөзінде әлемдегі ең үлкен патенттік 5 ведомствоның бірінің басшысы Шен Чан Ю мырза зияткерлік меншік саласындағы проблемалар мен зияткерлік меншік саласын дамытудағы өзінің көзқарасын айтты.
Ол өз сөзінде соңғы жылдары ҚКП ОК және Мемлекеттік кеңес инновациялық дамудың негізгі кепілі ретінде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелеріне көп мән беретінін айтты. Өкілетті мемлекеттік органдар зияткерлік меншік құқығын қорғауды нығайтуға және экономикалық және әлеуметтік инновацияларға әсер етуші ортаны оңайландыруға бағытталған үздіксіз жігерлерін жұмсауда.
Сонымен қатар, Қытайдың зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерде жетістіктерге қол жеткізгендіктеріне қарамастан әлеуметтік күту мен жарияланған жетістіктер арасында алшақтықтар бар.
Зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған негізгі бағыттар ретінде Шен мырза 4 тармақты көрсетті: зияткерлік меншік құқығын қорғаудың заңнамалық және құқық қолдану негіздерін нығайту, зияткерлік меншікті қорғау мәселелерімен көпжақты әрекеттесуді кеңейту, ЗМ қорғау тиімділігін арттыруда көп аспектілі тәсіл, зияткерлік меншік мәдениетін қалыптастыру.
Форумға 500 адам қатысты, олардың арасында зияткерлік меншік сарапшылары, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері, танымал бизнесмендер, ғалымдар, дипломаттар, Сауд Аравиясы, Камбоджа, АҚШ және т.б. мемлекеттер делегаттары бар.
Қазақстан атынан аталған Форумға Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әбілхасымова Әзімова қатысты.
Э.Ә. Әзімова өз алғы сөзінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен КХР Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының тұрақты түрде осындай деңгейлі шаралар өткізіп тұру туралы бастамасын қолдайтындығын айтты.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары өз баяндамасында зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті. «Заңнаманы жетілдіру және оның қызметін жаңғырту арқылы мемлекеттің патенттік ведомствосының әлеуетін арттыруға бағытталған, зияткерлік меншік объектілеріне құқықты сараптау және тіркеу процестеріндегі әкімшілік кедергілерді жою, зияткерлік меншікті қорғау тәсілдерін жетілдірудегі» маңызды өзгертулерді ерекше атап өтті. Ұлттық заңнамаларды жетілдіру туралы айта келіп Э.Ә.Әзімова қазіргі уақытта мемлекеттің Парламентіне ұсынылған зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша Заң жобасын талқылауға қатысқан Дүниежізілік зияткерлік меншік ұйымына, Еуразиялық патенттік ұйымның сарапшыларына, соттарға және Германия, Жапония және Францияның патенттік ведомстволарына алғыс білдірді.
Министрдің орынбасары, сонымен қатар, инновациялық даму саласындағы мемлекеттің жетістіктері және Үшінші жаңғырту және алдағы «ЭКСПО – 2017: Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесі аясында ұлттық инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған күш- жігер туралы айтты.
Э.Ә. Әзімова «Research and Development Expenditure» ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалынатын шығындар бойынша мемлекеттердің жаһандық рейтингіне сәйкес» (ЮНЕСКО) Қазақстан 91 мемлекет арасынан 69 орын иеленетіндігін, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мәліметі бойынша 2016 жылғы Жаһандық инновациялық индекс аясында, Индия және Иранмен қатар Қазақстан инновация саласы бойынша Орталық және Оңтүстік Азия аймақтық көшбасшылары арасында үщтікке кіретіндігін атап өтті.
Екі күндік Форум аясында 6 тақырыптық форум өтті: «Интернетте зияткерлік меншікті қорғау», «ЗМ қорғау арқылы аймақтық экономикалық даму», «Мобильдік терминалдар саласы үшін ЗМ қорғау», «ДЗМҰ қызметінің жаһандық жүйесінің соңғы үрдісі», «ЗМ қорғау және институционалдық инновациялар», «Коммерциялық құпияны қорғау».