Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы жас өнертапқыштармен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу өткізді

25 сәуір, 2017
2017 жылғы 25 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай Алматы қ. Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы жас өнертапқыштармен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуді «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының директоры З.О. Орынбекова ашып, қатысушыларға ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметі туралы» ақпарат берді.
Шараға Алматы қ. Әділет департаментінің, «Нұр Отан» партиясының, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Алматы технологиялық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің өкілдері мен Оқушылар сарайында үйірмелерге қатысатын 6-7 сынып оқушылары және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.
Аталған шарада келесідей тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:
  • өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жайында;
  • авторлық құқық;
  • «Нұр Отан» партиясында жас өнертапқыштарды қолдау үшін өткізілетін іс-шаралар туралы;
  • емдік шөпті алу бойынша өнертабыстар туралы;
  • денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті инновацияларды алдағы уақытта кеңейтудің болашағы.
Кездесу барысында қатысушылар авторлық құқық объектілеріне құқықты рәсімдеу, өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» байқауына қатысуға өтінім беру туралы сұрақтар қойды.
Шара соңында қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, осы тектес шараларды өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.