Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2017 жылдың 18 мамырында "ҰЗМИ" РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы оқу семинарын өткізеді

03 мамыр, 2017

2017 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты Алматы қ. филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, қорғау және сақтаудың негіздері. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру және оларды пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Семинарға мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен шағын және орта бизнес өкілдері шақырылады деп жоспарлануда.

Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» филиалының өндірістік басқармалар мен бөлім басшылары, сондай-ақ сарапшылар мен Оқу орталығының мамандары дәріс оқитын болады.

Семинарда «ҰЗМИ» мамандары өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, қорғау және сақтаудың негіздері, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беру және оларды пайдалану мәселелері қарастырылатын болады.

Семинар соңында «ҰЗМИ» филиалының мамандары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау бойынша консультация және тәжірибелік көмек беретін болады.

Семинардың басталу уақыты 2017 жыл 18 мамыр, сағат 10.00-де.

Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.

Семинарға қатысу тегін.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.

Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.

Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-74-30 және 397-75-23 телефондары бойынша хабарласыңыз.

БАҒДАРЛАМА
ӨТІНІМ