Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде "ҰЗМИ" РМК филиалының қатысуымен отырыс болып өтті

04 мамыр, 2017
2017 жылдың 03 мамырында Халықаралық ақпараттық технлогиялар университетінде «Нұр Отан» партиясының «Жоғары технологияларды дамыту» сайлауалды бағдарламасының бағыты бойынша комиссиясының отырысы келесідей күн тәртібі бойынша өтті:
I. Халықаралық ақпараттық технлогиялар университеті жұмысымен танысу;
II. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау;
III. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау шеңберінде «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын пайдаланудың нәтижелері.
Аталған шарада «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының директоры З. Орынбекова күн тәртібінің екінші тақырыбы бойынша жыл сайынғы өнертабысқа берілген Қазақстандық патенттер мен тауар таңбаларының тіркелу санын талдау жайында мәлімдеме жасады.