Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы еуропаның тәжірибесімен танысу мақсатында ағымдағы жылдың 2-5 мамыры аралығында Е.Қ.Оспанов бастаған «ҰЗМИ» РМК делегациясы Мюнхен қаласының Жер сотын, сонымен қатар Еуропалық патенттік ведомствосының және Неміс патент және тауар таңбалары ведомствосының кеңселерін аралады.
2 мамыр күні Мюнхен қаласының Жер сотының ғимаратының бірінде Аймақтық сот президенті доктор Ханс-Йоахим Хеблермен және Жер сотының судьясы Оливер Шен мырзамен кездесу өтті.
Оливер Шен мырза тауар таңбалары мысалында азаматтық сот ісін жүргізу шеңберіндегі зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға өтемақы төлеу бойынша сот тәжірибесіндегі негізгі сұрақтарды көрсетті.
3 мамырда Еуропа патенттік ведомствосының құқықтық сұрақтар және халықаралық байланыс жөніндегі вице- президенті Раймунд Лютц мырзамен, сондай- ақ ведомство қызметкерлерімен кездесу болып өтті.
Аталған кездесу аясында Еуропалық патенттік ведомство, Бірыңғай еуропалық патентке және еуропалық патент алуға өтінімдерге сараптама жүргізуге (формалды сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізу) арналған таныстырылым ұсынылды.
4-5 мамыр күндері Германия патент және тауар таңбалары жөніндегі ведомство өкілдерімен Ведомство президенті Корнелия Рудлофф-Шеффер ханыммен, сондай- ақ Ведомство қызметкерлерімен кездесу өтті.
Аталған шара аясында Германия патент және тауар таңбалары жөніндегі ведомствоға, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге патенттер беру мәселелеріне, сонымен қатар тауар таңбаларын және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге арналған таныстырылымдар ұсынылды.
Аталған ұйымдардың өкілдерімен кездесу құқықтық мемлекет құрылымдарын дамыту саласында мемлекеттерге көмек көрсететін коммерциялық емес бірлестіктердің, Германия халықаралық құқық және ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен өткізілді. IRZ атынан аталған шараларға №6 жобалар бөлімінің қызметкері кескін Мелек қатысты.