Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Алматы қаласында «FranchDay» шарасы өтті

25 мамыр, 2017
2017 жылдың 23 мамырында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасында ҚР-ғы франчайзинг мәселелеріне арналған «Franch Day» шарасы өтті. Шара онлайн режимде басқа облыс орталықтарына таратылды. Аталған кездесуде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының бас сарапшысы В.П. Федурин «Қазақстан Республикасындағы лицензиялық қызмет» тақырыбында дәріс оқыды. Шара қатысушылары патентті жою, инновациялық патент, франчайзинг шартына қатысты және басқа да сұрақтар қойып, оларға түсіндірме жауап алды. Шара аяқталған соң қатысушылар ұйымдастырушылар мен лекторларға өткізілген кездесу үшін алғыстарын білдірді.