2017 жылдың 01 маусымында ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының Оқу орталығының қызметкерлері Қазақстан-Ресей медициналық университетінде «Өнертабысқа өтінім беру және сараптама жасау рәсімі. Авторлық құқық негіздері» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында Оқу орталығының басшысы Ж.Серікбаева қатысушыларды Оқу орталығының қызметімен таныстырды және «Шапағат» форумының өткізілуі туралы ақпарат берді.
Семинар жұмысына 29 адам (доценттер, ғылым кандидаттары, бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер, аталған университет студенттері және «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының қызметкерлері) қатысты.
Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы Г. Жакитова «Өнертабысқа өтінім беру және сараптама жасау рәсімі» тақырыбында дәріс оқыды, өнертабыс объектісіне өтінім беру тәртібі, өтінімге сараптама жүргізу кезеңдері, өтінім берушілермен хаттар алмасу, патентті күшінде сақтау және т.б. мәселелерді түсіндіріп өтті.
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес Оқу орталығының бас маманы Б. Назаров «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында баяндамас жасады, авторлық құқық объектілері, авторлық шарттары, авторлық құқықтарды тіркеу туралы, авторлық құқық саласындағы заңнамалық актілер туралы және т.б. туралы кеңінен хабар берді.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді рәсімдеу, өтінімдерді беру және қарау, өнертабыстың патенттік қабілеттілік талаптары бойынша өтінім беруге төлем жүргізу жөнінде; авторлық құқыққа жататын объектілер; авторық құқық иесінің құқықтары жөнінде және т.б. сұрақтар қойылды.
Семинар соңында қатысушылар зияткерлік меншік саласы бойынша берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.