«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жыл сайынғы Ұлттық инновациялар конкурсына қатысуға шақырады.
Жалпы ақшалай сыйлық қоры 11 000 000 теңгені құрайды.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өтеді:
- «Ең үздік рационализаторлық ұсыныс»;
- «Орта мектеп оқушылары арасында ең үздік инновациялық жоба»;
- «Студенттер арасында ең үздік инновациялық жоба;
Сонымен қатар, осы жылы журналистер арасындағы конкурсты өткізуді қайта қолға алу ұсынылады. Конкурс мынадай шағын номинациялармен толықтырылады:
- «Инновациялық тақырыпқа қазақ тіліндегі ең үздік интернет-материал»;
- «Инновациялық тақырыпқа орыс тіліндегі ең үздік интернет-материал;
- «Инновациялық тақырыпқа қазақ тіліндегі ең үздік телевизиялық сюжет»;
- «Инновациялық тақырыпқа орыс тіліндегі ең үздік телевизиялық сюжет»;
- «Инновациялық тақырыпқа қазақ тіліндегі ең үздік радиоматериал»;
- «Инновациялық тақырыпқа орыс тіліндегі ең үздік радиоматериал»;
- «Баспасөз басылымдарда инновациялық тақырыпқа қазақ тіліндегі ең үздік материал»;
- «Баспасөз басылымдарда инновациялық тақырыпқа орыс тіліндегі ең үздік материал».
www.natd.gov.kz сайтында Конкурсқа қатысу шарттарымен танысуға және өтінім беруге болады.
Өтінімдер 2017 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.